Қазақстан ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды

7023

Қазақстан ОПЕК + келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды, деп мәлім етті ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 53-ші отырысы шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2024 жыл ішінде 1-тоқсанда асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді.

Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады.

«Біз әр елдің міндеттемелерін орындаудың және мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығын түсінеміз»,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы ерікті міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить