2024 жылдың І тоқсанында 19 000-ға жуық алтын құйма сатылды

7032

2024 жылдың І тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 816,4 келі 18 969 алтын құйма сатылды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 6,2 тонна 170 543 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 25% – 43 039 дана. Одан кейін 100 грамдық алтын құйма – 40 004 дана (23%), 5 грамдық құйма – 39 093 дана (23%), 20 грамдық құйма – 28 581 дана (17%) және 50 грамдық құйма – 19 826 дана (12%).

2024 жылдың І тоқсанында алтын құймалар көп өткізілген өңірлер: Алматы (12 456 дана, 66%), Шымкент (2 861 дана, 15%) және Жетісу облысы (983 дана, 5%).

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 937,7 келі 34 569 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған құймалардың 20%-ы. Олар кері сатып алуға қабылдаған өлшенген құймалардың барлығы дерлік халыққа Ұлттық Банктің филиалдарына кері тапсырусыз сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алып, кері сатуға болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube