Қазақстан мен Нидерланды 8 коммерциялық құжатқа қол қойды

Астанада Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Қазақстан елшіліктері мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қолдауымен 8 коммерциялық құжатқа қол қою рәсімі өтті. Құжаттар Қазақстан мен Нидерланды арасындағы АӨК, Денсаулық сақтау, экология және білім беру салаларында екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған.

Осылайша, жасанды интеллектті пайдалана отырып, отырғызу материалын өндіру жөніндегі автоматтандырылған орталықты салу жөніндегі жобаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен нидерландтық «VISCON» компаниясы қол қойды. Бұл жоба мәдени өсімдіктердің тұрақтылығын, сапасы мен өнімділігін жақсартуға жәрдемдесетін болады. Жоба жасанды интеллект технологияларын және in vitro өсіру әдістерін пайдаланады. Жобаны 2024–2026 жылдар аралығында жылына 12 млн көшет өндірумен іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ҚР АШМ Қазақстандағы ветеринариялық жүйені жетілдіру жөніндегі құжатқа «Royal GD»-мен қол қойды. Жоба ҚР АШМ Ветеринариялық жүйесін жаңғыртуды көздейді, бұл өз кезегінде халықаралық стандарттарға сәйкес мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және отандық өнімдерді Батыс нарықтарына экспорттау үшін жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының аумағында медициналық аппараттар өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Royal Philips» арасында қол қойылды. Жоба аясында Нидерланд компаниясы Қазақстанда Philips портативті ультрадыбыстық аппараттарының өндірісін локализациялауды жоспарлап отыр.

Бұл бастамалар екі елдің де өзекті сын-қатерлерді шешу және тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында ынтымақтастыққа деген терең ұмтылысын көрсетеді. Бұл жобаларды іске асыру жаңа жұмыс орындары, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық байланысты нығайту түрінде нақты жеміс береді деп күтілуде.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

  • ҚР АШМ ҰАО мен «VISCON» компаниясы арасындағы жасанды интеллектті пайдалана отырып, отырғызу материалын (вирустардан бос) өндіру жөніндегі автоматтандырылған орталықты салу жөніндегі жобаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Royal GD арасындағы Қазақстандағы ветеринариялық жүйені жетілдіру жөніндегі меморандум;
  • ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитеті мен naktuinbouw арасындағы фитосанитариялық жүйені жетілдіру және UPOV ға кіру бойынша өзара қолдау жөніндегі меморандум;
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Royal Philips» компаниясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында медициналық аппараттар өндіру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Қызылорда облысының әкімдігі, Қазақстанның биоалуантүрлілік қоры және «DGB» компаниясы арасында Қызылорда облысында көміртекті кредиттер өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы меморандум;
  • Қызылорда облысы әкімдігі мен «Spectator Ehealth Holding B. V.» арасындағы телемедицина саласындағы жобаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Эрасмус Медициналық Орталығы арасындағы мамандандырылған гранттар бөлу жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
  • ҚР АШМ Балық Шаруашылығы Комитеті мен «Alltech Coppens» компаниясы арасындағы балық шаруашылығын дамыту туралы меморандум.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте