Қазақстан мен Ауғанстан Геологиялық барлау жөніндегі техникалық комитет құрады

9253

Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин Ауғанстанның мұнай және шахта министрі Шахабуддин Делавармен кездесуде геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz

Келіссөздерге отандық ERG Exploration және Kazakhmys Barlau өкілдері қатысты.

Ауғанстан аумағының пайдалы қазбаларды өндіруге орасан зор әлеуеті бар. Елде мұнайдың, табиғи газдың, тас көмірдің, темір және түсті кеннің, сирек кездесетін металдардың бай қоры бар.

Қазақстан мұнай мен газдың, қатты пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорына ие бола отырып, көптеген жылдар бойы құрылыс-монтаждау жұмыстары, ұңғымаларды күрделі жөндеу, сараптама, зертханалық зерттеулер, сондай-ақ жобалау, инжиниринг және бұрғылау саласында шетелдік жеткізушілермен еркін бәсекелесе алатын мұнай сервисі және өндіруші компаниялардың кәсіби пулын қалыптастырды.

Бүгінде республикада геологиялық барлауға жеке инвестициялардың өсу үрдісі байқалады. Атап айтқанда, соңғы бес жылда қатты пайдалы қазбаларды барлауға инвестициялар 2,5 есе өсті (2018 жылғы 33,9 млрд теңгеден 2023 жылы 82 млрд теңгеге дейін).

Бірлескен жобаларды анықтау және оларды іске асыру үшін тараптар екі елдің мамандарынан техникалық комитет құруға келісті. Бастапқы кезеңде ауған тарапы Қазақстанға перспективалы кен орындары белгіленген карталар мен тиісті зерттеулерін береді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить