Қуандық Бишімбаев басты сот отырысына неге келмеді

7212

Бүгін сағат 10:00-де басталуы тиіс экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы түстен кейінге қалдырылды, деп жазды Kazinform

Сот залында айыптылар Қуандық Бишімбаев пен Бауыржан Байжановтың болмауына байланысты судья сот отырысын кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.

«Басты сот отырысы сағат 14:30-ға қалдырылады, өйткені айдауыл қызметі сағат 12:00-де келеді, ар жағында бір сағат қалады, ол жеткіліксіз», - деді Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ, судья күдіктілерді жеткізетін айдауыл қызметінде техникалық ақау болғанын айтты.

Айта кетейік, Қ. Бишімбаевтің ісі бойынша сот тергеуі 24 сәуірде аяқталды, бүгін жарыссөз өтуі тиіс.
Еске салсақ, Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы бұған дейін де уақытша тоқтатылған еді.

Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімі хабарлағандай, сот процесіне қоғам жоғары қызығушылық танытып отыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить