Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттеді

8151

23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды», - деп жазды Air Astana баспасөз қызметі.

Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить