Қазақстандағы егіс науқанын қаржыландыруға триллион теңгеден астам қаржы жеткіліксіз

8038

Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарына қаржы тапшы екенін мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, тапшылық 1 триллион 300 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚХА ақпараттық агенттігі .

Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы егіншілік уақытында жүргізу бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бұрыннан бері шектеліп келген қарыз қаражатына қол жеткізуі қажет. 2024 жылы егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 140 миллиард теңге және «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы 40 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді. Осы қаражатты ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудағы тапшылық шамамен 1,3 трлн теңгені құрайды», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин.

Дегенмен, Қазақстан Республикасының Үкіметі егіс науқанын қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат бөлу арқылы қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить