Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тексеріс азаяды

12138

Трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдаланудың өзектілігі арта түсті. Бұл туралы бүгін Ақордада Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен келіссөзден кейінгі бірлескен мәлімдеме кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Шекарада салынып жатқан сауда-логистика, индустриялық кешеннің құрылысын талқыладық. Оны көпке сөзбай тез арада іске қосымыз деп келістік. Бұл қадам өндірістік байланысты және сауда-саттықты жандандырмақ. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп секторындағы мүмкіндіктерді талқыладық. Былтыр екі мемлекеттің осы саладағы тауар айналымы 10 пайызға артып, 300 млн долларға жетті. Біздің елдеріміз үшін өнім көлемін ұлғайту, бірлескен кәсіпорындар ашу, ғылыми-зерттеу институттары арасында байланыс орнату өте маңызды. Осы орайда екі елдің үкіметіне жол картасын қабылдау туралы тапсырма берілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық нарықтағы тұрақсыздық жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударылды. Бүгін қабылданған шешімдер бұл іске айтарлықтай ықпал етеді.

«Қазақ инвесторлары қырғыз экономикасының маңызды секторларын дамытуға, әлеуметтік ахуалды жақсартуға үлес қосып келеді. Мәселен, Қазақстан кәсіпкерлерінің қаржысына Ыстықкөл облысында күн энергиясы станциясын салу жоспарланған. Бұдан бөлек, Жалалабад облысында ферроқорытпа зауатын салу жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Бірлескен кәсіпорындар тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға келістік. Осы орайда бүгін өзара инвестицияларды қорғау жөніндегі келісімге қол қойылды. Сондай-ақ электронды үкімет жүйесін енгізуге және дамытуға уағдаластық. Экономиканы цифрландыру үшін тәжірибе алмасу және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келістік. Екі ел арасындағы алыс-берісті жандандыру - маңызды міндеттің бірі. Бұл тұрғыда шекара арқылы жүк өткізу мүмкіндігін арттыру және оны рәсімдеуді жетілдіру үшін нақты шаралар қабылданып жатыр», - деді президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада автобекеттерді дамыту туралы іс-шаралар жоспарына қол қойылғанын еске салды. Басты мақсат - шекарадағы тексерісті азайтып, көлік кептелісін жою. Бұл жұмыс екі ел үкіметтерінің ерекше бақылауында болады

«Келесі маңызды бағыт - су энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру. Соңғы жылдары трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдаланудың өзектілігі арта түсті. Осы орайда өзара үйлесімді жұмысты жалғастырамыз деп келістік. Бұл бағыттағы түйіткелдерді тезірек шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау қажет. Сондықтан мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарының жұмыс кестесін жақын арада бекітуге және оны уақытылы орындауға уағдаластық. Қазақстан барлық міндеттемені толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын», - деді мемлекет басшысы.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить