Бишімбаев ісін жүргізген судьяны қорқытқандарға іс қозғалды

10622

Жоғарғы сот Бишімбаев пен Байжановтың ісін жүргізген судья Айжан Құлбаеваға белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскенін мәлімдеді.

Астана қаласының полиция департаменті судья Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыс әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.

Тексеру нәтижесі бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен ықпал етуге тыйым салатынын ескертеміз. Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесіледі» деп хабарлады Жоғарғы сот.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube