ТЖМ: 16 мың адам үйлеріне оралды

8156

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. Сенім телефонына 1 857 қоңырау түсті. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты.

Сондай-ақ 3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан су бұрылды. 16 мың адам үйлеріне оралды.

Эвакопункттерде 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала бар. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 116 949 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 40 781 бала. Қауіпсіз жерге 112 539 ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды.

«Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жалғасуда. 9,8 млн текше метр астам еріген су тартылды, 2,9 млн астам қапшық және 1,4 млн тонна инертті материал төселді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы және 3 124 саяжай үйі астында қалды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 46 417 адам және 4 351 бірлік техника, 873 су айдау құралдары, 308 жүзу құралдары, 16 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді спикер.

Еліміздің 8 өңірінде – Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 38 ТЖ әрекет етеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить