Бишімбаев ісі: онлайн-көрсетілім рейтингі кейбір сериалдардан асып түсті

7285

Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас Қ.Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын атап өтті, деп жазды Kazinform

Сол себептен де іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданған.

«Осы ретте, Жоғарғы Сот басшылығының сот процестерін ашық және жария түрде өткізуге, сол арқылы қоғамдық бақылауды күшейтуге ниетті екенін атап өткім келеді. Аз уақыт ішінде материалдық-техникалық жабдықтарымен, барлық ниет білдірген БАҚ-тың сот процесіне кедергісіз, кідіріссіз қатысуы қамтамасыз етілді.

Биылғы 27 наурыздан бастап 9 сот процесі бойынша 17 тікелей эфир өткізілді. Жалпы, тікелей эфирдің ретрансляциясына, процесске БАҚ-тың қатысуына ешқандай кедергі, шектеу болған жоқ», — деді ол.

Перизат Сәдуақастың мәліметінше, қазір Жоғарғы Соттың тікелей эфирін трансляциялаған TengriNews интернет-ресурсының аккаунттарында онлайн-трансляцияның жүктелген жазбасын көру қаралымы 20 млн-тан асқан.

«Біздің YouTube арнамыздағы жазбаны көру қаралымы 1,5 млн-нан асты. Бұл, менің ойымша, резонансты іске қатысты қоғамның жоғары қызығушылығының көрсеткіші. Онлайн-трансляцияны көру аумағы ұлғаюда. Қазіргі таңда біздің эфирлерді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Грузия, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан секілді мемлекеттер көруде. Жоғарғы Сотқа осы сот процесін өз елдерінде онлайн таратуға рұқсат беру туралы шетелдік БАҚ-тан ұсыныстар түсуде. Дәл қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз», — деді Жоғарғы Сот өкілі.

Тікелей эфирге 250 мың көрерменнің бір мезгілде қосылуы бойынша рекорд тіркелді. 25-44 жас аралығындағы көрермендер жалпы көрермен санының 58%-ын құрап отыр.

«Сондай-ақ, біз жүргізген талдауға сәйкес тікелей эфир көрермендерінің 75%-ы қыз-келіншектер. Бұл — онлайн сот процесінің қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпалы болады деп үміттенеміз», — делінген жазбада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить