ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,92% -ға жетті

6657

2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 6,675 млрд кВт/сағ немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 5,92% құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 2903,54 МВт болатын 147 жаңартылатын энергия объектілері (100 кВт-тан астам) бар:

- қуаттылығы 1 409,55 МВт 59 жел электр станциясы;

- қуаттылығы 1 222,61 МВт күн электр станциясының 46 нысаны;

- қуаттылығы 269,605 МВт 39 су электр станциясы;

- қуаттылығы 1,77 МВт биогаз электр станциясының 3 нысаны.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы белгіленген қуаты 495,57 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 16 нысаны іске қосылды: Ақмола облысы мен Жетісу облысындағы жалпы қуаты 437,1 МВт 12 жел электр станциясы, Алматы және Түркістан облыстарында жалпы қуаты 3,7 МВт 2 су электр станциясы және Түркістан облысында қуаттылығы 54,77 МВт 2 күн электр станциясы.

2027 жылға дейін қуаттлығы 599,85 МВт болатын 25 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы, соңғы жылдары жаһандық тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдауға бағытталған мемлекеттік саясатты белсенді түрде жүзеге асыру арқылы ЖЭК секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша елеулі қадамдар жасалды.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить