Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында топ жарды

10440

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы чемпион атанды.

Отандасымыз лентамен жаттығу бойынша қарсылас шақ келтірмей, құрлықтық доданың бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Жарыс қорытындысы:

1-орын – Қазақстан – Айбота Ертайқызы – 32.90

2-орын – Өзбекстан – Тахмина Икромова – 32.50

3-орын – Жапония – Рейна Мацусака – 31.30.

Сонымен қатар Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін көркем гимнасшылар тағы үш медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар кеше Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Бұл ел қоржынына түскен 50-ші жолдама.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить